poster

Есірткіге ЖОҚ деп айт!

Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайының Қарабалық кентіндегі өлкетануды ғылыми - зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімі «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде демалатын балаларға «Есірткіге ЖОҚ деп айт!» ақпараттық - насихаттық акциясын өткізді. Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне мұражай қызметкерлері есірткінің жастардың денсаулығына тигізетін зияны туралы айтты. Акцияға қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарын насихаттауға қарсы ақпараттан тұратын буклеттер таратты.